Қазақстан • 25 Тамыз, 2020

Қазақстан 4 елмен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтірді

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық әуе қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан 4 елмен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтірді

Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық әуе қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келтірді:

- БАӘ (11 рейс) 2020 жылдың 17 тамызынан бастап  Алматы – Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан – Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;

- Германия (5 рейс) ағымдағы жылдың 18 тамызынан  Нұр-Сұлтан – Франкфурт (5 рейс);

- Беларусь (4 рейс) 2020 жылдың 19 тамызынан Алматы – Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан – Минск (2 рейс) бағыттары бойынша;

- Украина (3 рейс) 2020 жылдың 19 тамызынан Алматы – Киев (3 рейс).

Египетке рейстерді 2020 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарлануда.

2020 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады. Ұшулар Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады. Еліміздің барлық әуежайында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар күшейтілді. Қолды санитарлық тазарту қондырғылары орнатылып, карантин шаралары қатаң сақталуда (бетперделер мен қолғаптарды міндетті түрде кию). Ғимаратқа кіре берісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің байланыссыз термометриясы жүргізіледі.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.